Мен көрген алғашқы БлогКемп


БлогКемп, яғни блоггерлер құрылтайы. Осы құрылтай біткеннен кейін блог тұғырларда да, әлеуметтік желілерде де блог кемп туралы жазбалар мен фотосуреттер, бейнебаяндардың ағыны басталды. Қысқасы, Ұшқын айтқандай, Блогқұрылтайдың буы басылмай тұр әлі…

ВИРТУАЛДАН РЕАЛҒА

Сонымен, құрылтай туралы не айтайын. Ең бірінші айтарым, биылғы құрылтайға мен алғашқы рет барып тұрмын. Виртуалдағы достарыңмен түңғыш рет кездесу ерекше әсер берді. Бір қызығы блог әлемінде жақын достай сөйлесіп жүрген блоггер қасыңда жүрсе де танымай қалуың мүмкін. Өйткені кей блоггерлер (мәселен мен) ешқашан суреттерін аватарына қоймайды немесе шынайы жүзі суретінен өзгеше болады екен. Блоггер болғаныма бар-жоғы бір жыл ғана болыпты. Алайда мен өзім жеке сайт ашып, көбінесе сол жерде блог жүргізген едім. Құрылтайға барып, блогтұғырларда блог жүргізген әлде-қайда тиімді екенін ұқтым. Өйткені бір блогтұғырдың блоггерлері бір-бірімен көптен бері көрісіп тұрған көршілердей амандасып жатады екен. Қызық, виртуалды әлемнің де адамдарды рухани табыстыратын ыстық қасиеті барына таң қалдым.
Әрі қарай

Blogcamp'13 админ көзімен


ЖОЛ
Өткенде Блог Құрылтайға баруға міндеттейтін себептердің алғашқысы ретінде достармен жолға шығуды көрсеткен едім. Бұл жолы да достармен бір пойызда болу бақытына ие адамдардың бірі едім. 23 сағаттық жолымыз тез өте шықты. Аз ұйқы, көп әңгімемен өтті де кетті.

ДОСТАР
Шымкентте түскен бойда бізден бір күн бұрын келген алматылық алконавттарға жалданған пәтерге жетіп келдік. Түнде футбол қарап және пәтерде думандатқан топ 1-2 сағаттай болған екен ұйықтағандарына, ояттық ептілерді. Жуындық, шайындық, құрылтайға бірге аттандық.

ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Құрылтайдың алғашқы сағаттары әрине бұрыннан таныс, түкпір-түкпірден келген достармен құшақтасумен өтті. Кейін классикалық кіріспесөз, мастер-класс, сессиялар, сұрақ-жауаптар, кофе-брейк, стартаптар, қорытындылар, марапаттаулар. Бірінші рет планшетті болдым. Демеуші болған Талғатқа үлкен рахмет!
Әрі қарай

Блогқұрылтайды видеомен бейнелеу. Менің нұсқам.

БлогҚұрылтай-2013 шарасының үйлестіру тобы ұйымдастырған видеобайқауға орай кино стилінде тизер-трейлер жасадым.

Қыран-топан күлкіге батырамын ба деген азғын қияли пантазиям болып еді. Өкінішке орай, фото-видео материалдардың жеткіліксіз болуы ойдағы идеямды толықтай жүзеге асыруға кедергі болды.

Қарап, бағасын беріңдер:


Түнгі 4-ке дейін істедім. Енді жұмысқа келіп ұйқы басып отыр
Әрі қарай

Блог Құрылтайға тіркелу басталды

23-24 наурыз Шымкентте өтетін Блог Құрылтайға тіркелу басталды. Мына жерден тіркеле аласыздар: www.blogcamp.kz/event/tirkelu/
Стартапқа жоба ұсынғысы келетіндер жоба тақырыбын толық жазулары керек. Аты-жөніңізден кейін блогыңыздың сілтемесін жазуыңыз да міндетті. Керекинфолықтар осындағы блогтарының адресін жазғысы келсе былай жазуларына болады: kerekinfo.kz/my/логиніңіз
Тіркелу 16 наурыз күні аяқталады.

Тіркелгендер тізімі мына жерде күнделікті жаңартылып отырады.
Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы



Ассалаумағалейкүм!

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа):


БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)

9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
Әрі қарай